Түркістан: Созақта жүгіру марафоны өтті

Созақ ауданының 95 жылдығы және 15-қараша Ұлттық валюта күніне орай Жартытөбе ауылдық округінде жүгіруден марафон  өтті. Шараның мақсаты – жастар  арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу. Марафон аудан көлеміндегі жастар арасында ұйымдастырылды. 100-ден аса қатысушы 5 және 10 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түсті.

Жарыс қорындысы бойынша марафоншыларды аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақтыбай Сәрсенбаев пен Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Олжас Төлепбергенұлы салтанатты түрде құттықтап, белсене қатысқан жас спортшыларға өз алғыстарын білдірді.

10 шақырымдық жарыс нәтижесі бойынша 1-орын – Нұрпейсов Еламанға (Сызған ауылы),  2-орын – Қонысбек Асқарға (Шолаққорған ауылы), 3-орын – Тұрсынәлі Абдуллаевқа (Созақ ауылы), “Ең жас қатысушы” – Тұрғанкүл Сейтбекке (Созақ ауылы), “Ең үлкен қатысушы” – Гүләзия Юсуповаға (Созақ ауылы) бұйырды. Ал 5 шақырым бойынша 1-орынды – Әби Шерзат (Созақ ауылы), 2-орынды – Лесбек Нұрәділ (Жартытөбе ауылы), 3-орынды – Өтеміс Елмұрат (Жартытөбе ауылы). “Ең жас қатысушы” номинациясын – Бағдат Омар (Жартытөбе ауылы), “Ең үлкен қатысушы” номинациясын – Алдаберген Мұхтар (Жартытөбе ауылы) алды.

ПІКІР ЖАЗУ