Түркістан: Шауғарда биылғы жылғы көрсеткіштер қандай?

Түркістан қаласындағы Шауғар секторында 48 660 тұрғын қоныстанған. Жалпы аумағы 2568,3 гектарды құрайды, 177 көше бар.

Жыл басынан бері аталған секторда инфрақұрылым саласы мен жол сапасын жақсарту үшін жүйелі жоспарлар жасалып, жүзеге асырылып келеді.

Атқарылған жұмыстардың көрсеткішіне тоқталар болсақ, сектор тұрғындарының 98,5% көгілдір отын тұтынуда. Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші – 96,8% құрап отыр.

Одан бөлек, жыл басынан бері 28 көшеге кәріз жүйесі тартылып, құрылысы аяқталды.

Жол сапасы бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. 31 көшеге- тас, 7 көшеге асфальт төселді.

Қала әкімінің ай сайынғы кездесулерінде берілген тапсырмалар бойынша да сектор тұрғындарының бірқатар өтініші жүзеге асқан. №5 бағытта қатынайтын қоғамдық көлік жаңартылып, Н.Төреқұлов пен 3-ші тұйық көшесімен жүре бастады.

Одан бөлек, жыл басынан бері 22 аялдама салынып, 49 көшеге жарықшам орнатылды.

Қазіргі таңда, 2024 жылы атқарылатын жұмыстар тізбесі әзірленуде.

ПІКІР ЖАЗУ