Түркістан: Шардарада агроиндустриалды кластерді дамыту жоспарланып отыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, жүйелі жолға қоюды міндеттеген болатын. Осы ретте Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев алматылық «AGRIQA Asia» ЖШС компаниясының өкілдерін қабылдады.

Инвесторлар Шардара ауданы ауыл шаруашылығы саласында агроиндустриалды кластерін дамыту, оның ішінде қызанақ өсіріп, томат өндіру жобасын іске асыруға ниетті екендігін жеткізді. Жоба бойынша жылыжай кешені,  қайта өңдеу цехы, мал азығы болатын жем шығару жоспарлары қаралған.

Кездесу барысында жер учаскесін бөлу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі талқыланып, инвестор өз тарапынан жобаны қаржыландыру барысын және бірқатар инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Аудан әкімі бұл жоба жүзеге асса аудан экономикасына және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына оң ықпал ететіндігін айтып, жобаны іске асыру үшін әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ