Түркістан: Сарыағаш ауданында республикалық ақындар айтысы өтті

Түркістан облысының 5 жылдығына орай Сарыағаш ауданының мақтанышы, айтыскер ақын Жарқынбек Наушабековты еске алуға арналған «Жарқын бейне – жауһар жыр» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасының ашылу салтанатында аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ақындарға сәттілік тіледі.

– Жарқынбек Наушабеков – жалпы айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Бүгінде артынан ерген шәкірттері, ізбасарлары жетерлік. Атадан балаға мирас болып келген айтыс халқымыздың баға жетпес құндылықтарының бірі. Алдағы уақытта мұндай мәдени іс-шараларымыздың қатары көбейіп, ауданымыздың мәдени-рухани дамуы артатын болады, – деді аудан башысы.

Дүбірлі сөз додасында ақын Мұхтар Құралұлы, айтыскер ақынжар Абдіхалық Абдіраймов, Маржан Есжанова, Қалижан Білдашовтар төрелік етті. Бас жүлде – Нұрдәулет Өмірбековке, І орын – Айбек Қалиевке, ІІ орын – Бекарыс Шойбековке, ІІІ орын – Анар Жаппарқұловаға бұйырды. Сонымен қатар, «Жыр дарабозы» номинациясын – Даниял Болысбек, «Жыр жүйрігі» номинациясын – Нұрғали Әнапия, аудан әкімінің арнайы жүлдесін – Гүлзия Қалымбетова, Ж.Наушабеков атындағы арнайы жүлдені – Ержан Әміров алды.

ПІКІР ЖАЗУ