Түркістан: «Сансыз бапты Сайрамнан – табиғаты тамаша түлкібасқа сәлем»

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Түлкібас ауданындағы «Туған жерім – алтын бесігім» ауданаралық мәдениет күндерінің аясында мәдени байланысты нығайту, іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Сансыз бапты Сайрамнан – табиғаты тамаша Түлкібасқа сәлем» тақырыбында Сайрам өнерпаздары концерттік бағдарлама қойды.

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, тарих пен мәдениеттің өзекті торабы, өнер мен руханияттың алтын арқауы, «Дала парламенті» атанған Мәртөбе биігі арқылы төрткүл дүниеге танылған, Қожа Ахмет Ясауидың кіндік қаны тамған – киелі Сайрамның сәлемін аудан тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алып, зор қошемет көрсетті.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ