Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Сайрамда заманауи спорт кешені ашылды

Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға тапсырылды. Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жергілікті тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді.

– Өңірде әлеуметтік нысандардың саны артып келеді. Халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Жаңа спорт кешені ауданның спорт саласының дамуына серпін береді деп ойлаймын. Осы ғимараттан ел чемпиондары шыға берсін! – деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында ауыл ақсақалы Ә.Байназар, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, даңқты бокс бапкері М.Айтжанов сөз алып, Мемлекет басшысының және облыс әкімдігінің қолдауына алғыс білдірді.

Заманауи талаптарға сай ғимараттың лентасы қиылып, облыс әкімі ауыл тұрғындарымен бірге спорт кешенін аралап шықты.

Нысанның құрылысын Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен «НурТехСервис» ЖШС 2023 жылы бастаған. Ғимарат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен бой көтерді. 2 қабатты нысанның жалпы ауданы – 646 шаршы метр. Кешен 3,2 гектар аумақта орналасқан.

Нысанда спорт залдар, жаттығу залы, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері, қоймалар, қызметкерлерге арналған кабинеттер, дәрігер кабинеті, процедуралық бөлмелер қарастырылған. Кешенде жастардың гандбол, баскетбол, волейбол, күрес, бокс, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетикамен шұғылдануына барлық қажетті жағдай жасалған. Спорт кешенінде күніне орта есеппен 60–70 адам жаттыға алады.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп, тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады

admin

Түлкібас: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық семинар өтті

admin

Полиция қызметкерлері медицина қызметкерлеріне террористік қатерлерге ден қою тәртібін түсіндірді

admin