Түркістан: Сайрам ауданында 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды

Сайрам ауданында жыл басынан бері жалпы соммасы 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 279 жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ, күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, сондай-ақ жылыжай құрылысы.

Іске қосылған жобалардың ішінде – «Туран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі. 450 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорында 20 жұмыс орны ашылады.

Бұдан басқа Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «Gen Group Kazakhstan» компаниясы 5,3 га жерге банан өсіруге арналған жылыжай кешенін салды. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни бұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар. Жылыжай жылына 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Meat magnat» ЖШС-сі 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр, құны 800 млн.теңге. Мұнда 10 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Жыл соңына дейін құны 2,6 млрд.теңгеге 5 жоба іске қосылса, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар әлі жалғасын табады.

ПІКІР ЖАЗУ