Түркістан: рухани қалада жас қолөнершілер жәрмеңке өткізді

Бүгін облыс орталығы – Түркістанда кезекті қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі қойылды.

 Этноауыл кешенінде ұйымдастырылған шарада 106-ға жуық жас қолөнер шеберлері өз туындыларын келушілер назарына ұсынды.

 Аталған шарада қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жас қолөнершілерге қолдау көрсету үшін арнайы келіп қатысты.

-Қазақ үшін рухани мұрамыздың алар орны ерекше. Ежелден ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымызды қолөнер арқылы тарихта таңбалап жүрген шеберлеріміз аз болған жоқ. Осы ұлы өнерді өшірмей, дәріптейтін жастарымыздың бары қуантады, – деді қала басшысы өз сөзінде.

 Жас қолөнершілерге Алғыс хат табысталып, сый-сияпат жасалды.

ПІКІР ЖАЗУ