Түркістан: Республика күні қарсаңында медицина қызметкерлері марапатталды

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасында Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, сала мамандарын құттықтады. Сондай-ақ медицина мамандарының жұмыстары ерекше екенін атап өтті.

Республика күні қарсаңында салтанатты жағдайда ақ халатты абзал жандар «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

Басқарма басшысы Асхан Байдувалиев жиынға қатысқан барша әріптестерін мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиын соңында естелік суретке түсті.

ПІКІР ЖАЗУ