Түркістан: президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қоғамдық қабылдау өткізді

Түркістандағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ерлан Исабеков тұрғындардың өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Тұрғындармен пікір алмасып, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға жазылған түркістандық тұрғын келіншегінің жұмыс мәселесі бойынша өтініш айтты. Өтініш жан-жақты сараланнып, назарға алынды. Мемлекеттік балабақшадан бос жұмыс орындары ашылса, орналастырылатын болып келісілді.

Екінші тұрғын да жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. 4 баланы жалғыз өзі асырап отырған ана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқысы келетінін, мәселесі шешілмей жүргенін айтты. Ол тұрғынға Білім басқармасы және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылығы тарапынан қолдау көрсетілетін болды. Жұмысқа орналасу мәселесі шешімін таппақ.

Ерлан Исабеков қабылдауға жазылған тұрғындардың өтініштері тікелей қадағалауында болатынын, шешімі табылғанша бақыланатынын жеткізді. Жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.

«Ашық әкімдікте» тұрғындарды қабылдау жұмыстары жалғасады.

ПІКІР ЖАЗУ