Түркістан: Ордабасыда астық ору науқаны жүріп жатыр
Ордабасы ауданында астық ору науқаны басталды. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов “Сабыр” шаруа қожалығының астық алқабында болып, бидай ору науқанының куәсі болды.
Ауданның жер көлемі 265 561 гектарды құраса, оның 218 234 гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптар. Биыл 71 147,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда егіс көлемі 1 547 гектарға ұлғайған.
Бүгінде астық ору науқаны басталып 3 809 гектар жерден 8000 тонна бидай өнімі жиналып отыр. Жалпы аудан көлемінде астық ору науқанына 158 ауыл шаруашылық техникасы жұмылдырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі