Түркістан: Ордабасыда 20 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елді мекендерде егілген ағаштарды күтіп-баптау және көгалдандыру жұмыстырын күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бастаған әкімдік қызметкерлері елді мекенді жасылдандыру-көгалдандыру іс-шарасы аясында Темірлан ауылының қаладан кіреберіс тұсындағы жол жағалауларына терек, шырша, жеміс көшеттерінің көпжылдық түрлерін отырғызды.
Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен күзгі тал егу акциясына әкімдікке қарасты құрылымдық бөлім қызметкерлері атсалысып, өздеріне белгіленген аймақтарға тал көшеттерін екті.
Жылдағы дәстүр бойынша «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» акциясымен аудан орталығына өңір климатына бейімделген 21 956 түп тал көшеттері егілді. Айта кетерлігі, биыл жалпы аудан аумағына 23 150 түп ағаш егу жоспарланса, бүгінге дейін 21 955 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Аудан басшысы тал егу акциясына қатысқан мекеме қызметкерлеріне ағаш көшеттерін отырғызумен ғана шектеліп қалмай, талдардың көктеп көгеруі үшін күтіп, баптау шараларын бірге жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ аудан әкімі Президент Жолдауында айтылған 5 жыл ішінде еліміздің орман қорына 2 млрд. ағаш және елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызу тапсырмасына үлес қосу мақсатындағы аудандағы жасылдандыру жұмыстары әліде жалғасын табатындығын жеткізді.