«Түркістан өңіріндегі қуғын-сүргін саясатының қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде облыс әкімдігінің қаулысымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссияның ұйымдастыруымен «Түркістан өңіріндегі қуғын-сүргін саясатының қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынның мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау

жөніндегі Өңірлік комиссияның жүргізген жұмыстарының нәтижесімен таныстыру. Басқосуға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев, Саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау бойынша Түркістан облыстық комиссия жұмыс тобының басшысы, профессор – Хазіретәлі Тұрсын, комиссия мүшесі, ғалым – Досай Кенжетай, Қуғын-сүргін мәселесі бойынша Түркістан облыстық комиссия мүшесі, жұмысшы топ басшысы – Лязат Динашева және өзге де азаматтар қатысты.

Дөңгелек үстелде Сталиндік репрессия, этникалық депортация және ұлт мәселесі, Түркістан өңіріндегі 1921-1922 жылдардағы ашаршылық нәубеті, Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының зардаптары, Созақ көтерілісі және оның салдары сынды тақырыптар сөз болды. Жаңа деректер, тың зерттеулер баяндалды.

Айта кетейік, Президент Жарлығы негізінде барлық облыстар мен қалаларда тарихшы ғалымдар, архив қызметкерлері мен қоғам өкілдерінен құралған жұмысшы топ  осы уақытқа дейін «Құпия» грифімен сақталған архив қорларын жан-жақты зерделеу және оларды кезең-кезеңімен жариялау, халық арасынан естеліктер жинап, жазықсыз жазаланғандар есімін анықтау және ақтау мәселелерімен айналысып, жүйелі жұмыс атқарып келеді.

ПІКІР ЖАЗУ