Түркістан облысының тұрғынынан мылтық пен 160-тан астам патрон тәркіленді
“Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, жергілікті тұрғыннан қару мен оқ-дәрілер тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел уәкілдер Созақ ауданы тұрғынының үйін тінту кезіндет оның сейфінен аңшы мылтығы мен түрлі калибрлі 160-тан астам патрон тапты. Оның ішінде АК-47 автоматы мен травматикалық қарудың оқтары бар. Ер адам патрондарды бір жыл бұрын тауып алып, осы уақытқа дейін үйінде сақтағанын айтты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.
Сонымен қатар полицейлер Қазығұрт ауданының жергілікті тұрғынынан Лидер газ-травматикалық тапанша тапты. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynyng-turghynynan-160-tan-astam-patron-men-myltyq-tarkilendi/