Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарының назарына

Қараша айының 8-і мен 10-ы күндері аралығында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Департамент басшылығының бұйрығымен патрульдік-бекеттік жасақтары күшейтілген күн тәртібіне өтті.

Негізгі мақсат – автожолдарда жол қауіпсіздігін реттеу, жүргізушілер арасында жол жүру қағидалары мен мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан көлік басқарғанда абай болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!

Түрікстан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ