Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғынынан 300-ге жуық түп сора тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғынынан 300-ге жуық түп сора тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері  жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер оның үйіне тінту жүргізу барысында үйінің алдына егілген 281 есірткіге ұқсас өсімдікті тауып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның сора екенін растады. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynyng-politsejleri-turghynnan-300-ge-zhuyq-tup-sora-tarkiledi/

Сәйкес жаңалықтар

Таразда сейфтен 19 млн теңге ұрлаған азамат қолға түсті

admin

13 қараша халықаралық зағиптар күні

admin

Отырарда интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жиын өтті

admin