Түркістан облысының полицейлері 327 дана вейп тәркіледі
Түркістан облысында вейп өнімдерін сатумен айналысқан ағайындылардан 327 дана вейп анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Нәтижесінде Түркістан қаласында заңмен тыйым салынған темекі өнімдерін заңсыз сатқан екі сауда дүкені анықталып, жалпы 327 дана вейп тәркіленіп алынды. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, 2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynyng-politsejleri-327-dana-vejp-tarkiledi/