Түркістан облысының полицейі қазақтың ұлы ақынына арнау шығарды
Ұлы ақын Абайдың ұрпаққа қалдырған өсиетінен ішкі істер органдары қызметкерлерінің де алар тәлімі мол екені сөзсіз. Түркістан облысы Созақ ауданының учаскелік полиция инспекторы Дәулет Уали Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқи отырып, жыр алыбына деген өз арнауын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицей Дәулет 1996 жылы Созақ ауданы Құмкент ауылында дүниеге келген. Оның поэзияға деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталып, түрлі тақырыпта қалам тербеп, өлең жазған. Сол шақтарда ол Абай мен Мұқағали оқуларына қатысып, жүлдерлі орындарға ие болды. 2015 жылы Қостанай қаласындағы Ш.Қабылбеков атындағы академияға оқуға түсіп, ойдағыдай аяқтап шықты. Өз ортасында сыйлы, қызметте беделді Дәулет ішкі істер саласында 5 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қауырт қызметке қарамастан, Абай шығармаларынан қол үзбеді. Тіпті, ұлы ақынға арнау шығарған.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynyng-politseji-qazaqtyng-uly-aqynyna-arnau-shyghardy/?fbclid=IwY2xjawE2nIxleHRuA2FlbQIxMQABHQ0-I7gEFGvl-_LA4G1BDwkYKaQGJI4i8rM8lqV397LczgR6GosYMLIvRA_aem_7UdS4mMRxxmhKF3g8J2Jgw