Түркістан облысының кішкентай полицейлері жүргізушілерді Конституция күнімен құттықтады
Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Конституция күніне» орай арнайы іс-шара ұйымдастырды. Ерекшелігі бұл жолғы рейд басқаша өтті.
Өйткені тәртіп сақшылары өздерінің кішкентай достарымен бірге жүргізушілерді тоқтатты. Көлік иелеріне мерекелік көңіл-күй мен тәтті шоколад тарту етті. Әдетте жүргізушілерге ескерту жасап, әкімшілік хаттама толтыратын полицейлер, бұл сәтте жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін айтып, мерекені ұлықтады.
Ал әрбір көлік тізгіндеген жүргізуші үшін бұл күтпеген тосынсый болды. Олар игі іске ат салысқан балалар мен полицейлердің әрекеттеріне таңданыстарын жасырмай, алғыстарын білдірді.
Яғни полицейлердің бұл бастамасын әрбір жүргізуші құптап, жол ережелерін бұзбауға және көлік тізгінінде мұқият болуға уәде берді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі