Түркістан облысындағы қызылша аурушандығының эпидемиологиялық жағдайы
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың төрағалығымен халықтың қызылшамен сырқаттанушылығының таралуына жол бермеу мақсатында санитариялық-эпидемияға қарсы іс – шараларды күшейту жөніндегі штаб отырысы өтті.
Жыл басынан бері облыс бойынша қызылшаға күдікті 1160 жағдай тіркеліп, 441 қызылша диагнозы расталды. Қызылшамен ауырғандың 65%-ы баланың ата аналары әр түрлі себебтермен егуден бас тартқандар. Оның ішінде Діни көзқараспен 52,6% бала екпе алмаған.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы вакцинациялау! Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 6 қарашадан басталған қосымша жаппай иммундау науқанында жалпы екпе алғандар саны 2721 жетіп отыр.
Түркістан облысының медицина қызметкерлері тұрғындар арасында қызылшаның өршуіне жол бермеу мақсатымен арнайы іс шаралар қабылдап, жұмыс жүргізуде. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы вакцинациялау болғандықтан, елімізде осы індетке қарсы тәуекел топтарын жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша қызылшаға қарсы жаппай иммундауға 178 430 адам жоспарланып отыр.
Түркістан облысында қызылша ауруын азайту және одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік штаб құрамы айқындалып облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаевпен бекітілді. Сондай-ақ, қызылшаға қарсы қосымша жаппай имммундауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы бекітілген штаб құрамы мен іс-шаралар жоспарына сәйкес апта сайын жиналыс өткізіліп, мекемеаралық жұмыстар күшейтілуде.