Түркістан облысында «Жол бер» акциясы өткізілді
Түркістан облысы, Төле би ауданының патрульдік полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Жол бер» атты бірлескен акциясын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты өрт сөндіру көліктерінің шақыру орнына кедергісіз өту мәселесіне жұртшылықты тарту, жүргізушілер арасында мәдениетті қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларынан қорғау болды.
Жол қозғалысына қатысушылардың көбісі арнайы көліктерге жол бермейді, оның ішінде жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер көліктері бар. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы автокөлік шақырту орнына неғұрлым тез жетсе, олар соғұрлым тұрғындардың өмірін аман алып қалады.
Акция барысында полицейлер жүргізушілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, шұғыл және арнайы қызметтердің автокөліктеріне жарық шамдары және дыбыстық сигналдары қосылған өрт сөндіру автокөліктеріне жол берулерін еске салды. Себебі шақырту кезіндегі әр уақыт санаулы болып табылады.
Бұл акция автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерді түсіністікпен қарауға және арнайы көлікке жол беруге шақырды, өйткені бұл біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Тәртіп сақшылары жолда кедергі келтіргені үшін жүргізушілерге 7 АЕК-ке дейін айыппұл салынатынын еске салды.
2021 жылдың басынан бастап құтқарушылар 3303 шақыртуға барды. Оның ішінде 469 оқиға — өрт, авариялық-құтқару жұмыстары – 938 шақырту. Өрттен 54 адам құтқарылып, 7 адам қаза тапты. Өткен жылмен салыстырсақ, былтыр өрт сөндірушілер 2387 шақыртуға шыққан.
Оның ішінде өрт – 331, авариялық-құтқару жұмыстары – 695. Оның басым бөлігі тұрғын үй секторына тиесілі.
«Өрт шыққан жағдайда өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минуттан кешікпей жетуі тиіс. Ал көлік кептелісі жағдайында жылдам жету екіталай. Құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетуі адам өмірін құтқарып қалуға әсер етеді. Әрбір секунд маңызды», деп атап өтті ТЖД.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, жүргізушілер жауапкершілікті сезініп, арнайы көліктердің өтіп кетуіне жәрдем етеді. Бірақ жаяу жүргіншілер арасында сирень даусына мән бермейтіндері де бар екен.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Ақпарат https://egemen.kz/article/284716-elordada-arnayy-kolikke-dgol-ber-aktsiyasy-otti сайтынан алынды