Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде полицейлер жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде

Облыс аумағындағы барлық балалар лагерінде жастардың есірткіге теріс көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Осындай іс-шаралардың бірі “Есірткіге жол жоқ!” ұранымен Сауран ауданындағы “Балауса” балалар лагерінде өткізілді. Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері балалар үшін спорттық эстафеталар, танымдық викториналар, тақырыптық конкурстар, сондай-ақ жедел әрекет ету арнайы жасағының көрсетілімдік қойылымдарын ұйымдастырды.
Шарада жасөспірімдермен қарым-қатынасқа ерекше назар аударылды. Полицейлер заңды сақтаудың маңыздылығы мен есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткіге және психологиялық тәуелділіктің себептерін, сондай-ақ есірткі мен психоактивті заттарды қолданудың жағымсыз салдарын талқылады.
Кездесу соңында полицейлер балалармен жаман әдеттерден қалай аулақ болу керектігі туралы пайдалы кеңестермен бөлісіп, спортпен шұғылдануға, хоббиді дамытуға және айналасында жағымды орта қалыптастыруға шақырды. Шараға қатысушылар көкейіндегі сұрақтар қойып, қызықты тақырыпты талқыға салды.
Шара қорытындысы бойынша науқанға белсене қатысушылар мен жеңімпаздарға медаль, кубок және естелік сыйлықтар табыс етілді, бұл әрекет жастарды салауатты өмір салтына ынталандыруға және профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуға ықпал ететіні сөзсіз.