Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» пилоттық жобасы басталды

Түркістан облысында жастардың әлеуметтік осал топтарының арасында «Zhas Project» пилоттық жобасына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы бүгін аталған жобаның Түркістан облысындағы ментор-тренері Сая Сағынғали айты.

— «Zhas Project» жобасына — NEET санатындағы жастар, оның ішінде жұмыссыз болып тіркелген және үй жағдайында жұмыс істейтін жастар, мүгедектігі бар, сондай-ақ жоғары білімі жоқ 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жоба арқылы жұмыссыз жастар санын азайту басты мақсатымыз. Биыл 20 грант қана беріледі. Бүгін 9 қазаннан бастап 23 қазанға дейін ұсыныстар қабылданады. Ал 24-26 қазан аралығында оқытулар өткізіледі. Оқу аяқталғаннан соң 1 қараша күні сертификаттар тапсырылып, келісім-шарттарға қол қойылады. Әр жоба қатысушысына менторлар тағайындалады және 2 ай бойы сүймелдеу жұмысын жүргізеді, -деді ментор-тренер Сая Сағынғали.

Айта кетейік, жобаға қатысу барысында қайтарымсыз 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Қаражат қолға берілмейді, тек кәсіпке қажетті құрал-жабдық алатын жеке кәсіпкер шотына аударылмақ. Жобалар https://www.zhas-project.kz/ сайтына жолданады. Сондай-ақ, конкурсқа қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша +7 778 097 5533 колл-орталығына хабарласуға болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: қала әкімі ардагерлерді арнайы барып құттықтады

admin

«Ұлттық қор – балаларға». Жиналған қаржы мұраға беріле ме?

admin

Қазақстан полициясы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

admin