Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» пилоттық жобасы басталды

Түркістан облысында жастардың әлеуметтік осал топтарының арасында «Zhas Project» пилоттық жобасына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы бүгін аталған жобаның Түркістан облысындағы ментор-тренері Сая Сағынғали айты.

– «Zhas Project» жобасына – NEET санатындағы жастар, оның ішінде жұмыссыз болып тіркелген және үй жағдайында жұмыс істейтін жастар, мүгедектігі бар, сондай-ақ жоғары білімі жоқ 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жоба арқылы жұмыссыз жастар санын азайту басты мақсатымыз. Биыл 20 грант қана беріледі. Бүгін 9 қазаннан бастап 23 қазанға дейін ұсыныстар қабылданады. Ал 24-26 қазан аралығында оқытулар өткізіледі. Оқу аяқталғаннан соң 1 қараша күні сертификаттар тапсырылып, келісім-шарттарға қол қойылады. Әр жоба қатысушысына менторлар тағайындалады және 2 ай бойы сүймелдеу жұмысын жүргізеді, -деді ментор-тренер Сая Сағынғали.

Айта кетейік, жобаға қатысу барысында қайтарымсыз 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Қаражат қолға берілмейді, тек кәсіпке қажетті құрал-жабдық алатын жеке кәсіпкер шотына аударылмақ. Жобалар https://www.zhas-project.kz/ сайтына жолданады. Сондай-ақ, конкурсқа қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша +7 778 097 5533 колл-орталығына хабарласуға болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПІКІР ЖАЗУ