Түркістан облысында полицияның “Нүктелік” іс-шарасы жалғасуда

 “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында  Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен жолдарда құқық тәртіпті  сақтауға және жол апатының  алдын алуға бағытталған “нүктелік” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. 

Шара барысында полицейлер қоғамдық орында, көліктерде және жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернет-алаяқтықтың алдын алуға және жол қауіпсіздік ережелерін  сақтауына баса назар аударды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары жолаушыларға жол қауіпсіздігі туралы бейнероликтер мен  QR-кодтары бар жадынамалар таратты.

Сондай-ақ полицейлер  азаматтық қару иелеріне оны сақтау ережелері бойынша  тексеру жұмыстарын  жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта  жалғасатын табады.