Түркістан облысында полиция азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндірді

Түркістан облысында полиция көпқабатты үйдің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шараға ерікті жастар да атсалысты. Бұл жолы тәртіп сақшылары түсіндіру жұмысын Отырар мөлтек ауданынан бастады. Көпқабатты үйдің тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, үйді-үйді аралап, ата-аналармен кездесті. – Біз кірген пәтерлердің барлығында темір тор болмады. Кейбірі терезе ашылмас үшін арнайы қорғау құралдары мен шіркей торын ғана орнатқан болса, көбінің терезесінде ештеңе жоқ. Облыстық полиция департаменті ұйымдастырған шараға ерікті жастар мен бірге Отырар мөлтек ауданы ақсақалдар алқасының мүшелері де атсалысты, – деді полиция қызметкерлері.

– Әке-шешеміз бізді қадағалап, “терезенің алдына шықпаңдар, абай болыңдар” деп жиі ескертеді. Біз терезеге шығу өте қауіпті екенін теледидардан да, полициядан да естіп жатырмыз. Өзім де іні-қарындастарымды терезенің алдына шығармауға тырысамын, – дейді 10 жасар Асылбек. Өткен жылы Түркістан облысында қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан терезеден 3 бала құлап кеткен. Биыл түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде оқыс жағдай мүлде тіркелмеді. – Қайғылы жағдай болмас үшін полиция қызметкерлері халыққа барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар қызметтік автокөліктің дауыс зорайтқышынан аудио хабарламаларды тұрғындарға естіртіп, профилактикалық шараны жүргізудеміз, – деді облыстық ПД жергілікті полиция басқармасы басшысының м.а. Бегімхан Ахметов.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-politsiya-azamattargha-qauipsizdik-sharalaryn-tusindirdi/?fbclid=IwY2xjawE0S2VleHRuA2FlbQIxMQABHdrXZGyfOrARckAzhqpq7Kg9jMglcpmMDH5eRbu0k5X_JAQgNEcKBSTdAA_aem_OMpgXKdD7HLOBHw0ft9mgw

ПІКІР ЖАЗУ