Түркістан облысында полиция 237 шетелдікті елден аластатты

Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, жолын кесуге бағытталған «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның 4 тәулігінде көші-қон заңнамасын бұзған 1017 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде 861-і шетелдік, 159-ы еліміздің тұрғындары.

Мәселен шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 129, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 27 қазақстандық азамат жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 237 шетел азаматы сот шешімімен ел аумағынан аластатылды.

Атап айтсақ, Мақтаарал ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз егістік алқапта егін шаруашылығының жұмысын заңсыз жасап жүрген 38 өзбекстандық азамат анықталды. Оларға қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданып, заңға сәйкес шетелдіктер елден шығарылды.

Іс-шара барысында полицейлер Қазақстан Республикасына заңсыз келгендерді, құжатсыз еңбек қызметімен айналысатындарды, шетелдіктерді және заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға баса назар аударуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ