Түркістан облысында полицейлер автокөлік ұрлаған ер адамды ұстады

Түркістан облысында полицейлер автокөлік ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірнеше сағат ішінде өзгенің автокөлігін ұрлап кеткен ер адамды ұстады. Жергілікті тұрғындардың бірі үй маңында тұрған Mercedes-Benz автокөлігінің ұрланғаны туралы полиция бөліміне хабарлап, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Анықталғандай, автокөлікті ұрлаған ер адам Шымкент қаласының тұрғыны мас күйінде өзгенің автокөлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Қазіргі уақытта мегаполис тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.  Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-politsejler-kolik-urlaghan-er-adamdy-ustady/

ПІКІР ЖАЗУ