Түркістан облысында паразиттік аурулармен сырқаттанушылық саны төмендеген
2021 жылдың 12 айында жалпы Түркістан облысы бойынша паразиттік аурулардың 1759 оқиғасы тіркелді (2020 жылдың 12 айында – 1737 оқиға).
Паразиттік аурулармен сырқаттанушылық облыстық жиынтық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 87,1-ға жетіп, 0,5 есе төмендеген (2020 жылдың 12 айында – 87,6).
Халықтың паразиттік аурулармен сырқаттанушылығы құрылымында 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 63% – бен салыстырғанда 59% – ды құрады (2020ж.12 ай). Балалардың арасында энтеробиоз нозологиясы басым, ол 14 жасқа дейінгі балалардың 17,6%-ында кездеседі.
Есептік кезеңде көптеген паразиттік аурулардың нозологиялары бойынша облысы аумағындағы карантиндік шараларға және профилактикалық шаралар көлемінің қысқаруына байланысты сырқаттанушылық көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Сонымен қатар, эхинококкозбен сырқаттанушылықтың аздаған өсуі байқалды (+25 оқиға) және аскаридоз (+63 оқиға).
2020 ж. трансмиссивті аурулар тобында тері лейшманиозы (11) аурулары тіркелген. Тері лейшманиозы (-6 есе) бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі анықталды.
Жұқпалы тері ауруларының құрылымында дерматомикозмен сырқаттанушылықтың 7,9% – ға өсуі тіркелді: 2020ж. 100 мың адамға шаққанда – 44,0; 2020ж. – 40,8.
Қарапайым гигиена ережелерін сақтау және профилактикалық шараларды қабылдау паразиттік ауруларды жұқтырудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Оларға үйді және денені таза ұстау; серуендеуден кейін, тамақтанар алдында және жануарларды ұстағаннан кейін қолды жуу; тағам өнімдерін (етті, балықты) және суды термиялық өңдеу; жеміс пен көкөністі, аскөкті мұқият тазалап жуу; үй жануарларын дегельминтизациялау және т. б. жатады