Түркістан облысында конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
Ата заңымыздың құрдастары орда бұзар жасқа жақындады. Бүгінде олардың әрқайсысы түрлі жоғары жетістікке жетіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр. Соның ішінде Түркістан облысы Полиция департаментінде 142 полиция қызметкері сап түзеп келеді.
Аталған жас мамандар мемлекеттік қызметте барынша еңбек етіп, еліміздің даму жолында өз іздерін қалдыруда. Оның арасында жас та болса бас болып, басшылық лауазымдарда жүргендері аз емес.
Мәселен Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция капитаны Бек Шамил. Ол өз сөзінде:
«Мен Ата заңымыз қабылданған жылы туғанмын, еліміздегі басты құжат-конституцияның төл құрдасымын. Бақытты балалық шағымды жанұямның ортасында алаңсыз өткіздім. Бұл елдегі тыныштық пен тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. Заңы орныққан, бейбіт те тыныш елде түлеген ұрпақ болғандықтан, құлашымды кеңге ашқан, еркінмін. Арманымды іске асыру бағытында ішкі істер саласына қызметке орналасып, бүгінде осы құрылымның қазанында қайнап, шыңдалып жүрмін. Алдыңғы буын ағалардың жолын жалғап, жұмысымдағы жауапкершілікті сезінемін. Осынау мереке қарсаңында баршаңызды құттықтап, елімізге амандық тілеймін!»,-деп атап мереке құрдасы болған полицей.
Айта кетсек, Конституция 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі