Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында қар басқан жолдар ашылып жатыр

Түркістан облысында қар басқан жолдарды жауапты мекеме қызметкерлері тәулік бойы тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде Шаян-Шолаққорған жолы толық ашылды. Ауыр техникалар тоқтамастан асудағы 25 шақырымдай жолдың қарын күреп шықты.

Созаққа алдымен “Оңтүстікжарық” мекемесінің жөндеу бригадалары жұмылдырылды. Өйткені аталған ауданда 3,5 мыңнан астам абонент жарықсыз отыр.

Сонымен қатар, Кентау-Ащысай елдімекені аралығындағы жол қардан тазартылып, Ащысай-Шолаққорған бағытындағы жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Бәйдібек ауданындағы Бірлік-Жарықбас бағытындағы жолды ашу жұмыстары жүргізілді. Ал, Жарықбас-Қошқарата елді мекендері аралығындағы жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, қазіргі таңда аймақта ауа райы бірқалыпты. Алдағы уақытта келген залалдарды шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданындағы каналдар күрделі жөндеуден өтеді

admin

Түркістанда ағасы екі қарындасын он жыл бойы құлдықта ұстаған

admin

Түркістан: жасөспірімдер арасында кіші футболдан спартакиада өтті

admin