Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары басты назарда

Республикамызда 1 айға жоспарланған нашақорлыққа қарсы іс-шаралар науқаны басталған болатын. Осыған орай, Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында  Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Мәжілісті Түркістан облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Бейсенбай Тәжібаев жүргізді.

Аталған шараға Түркістан облысы полиция департаментінің орынбасары, полиция полковнигі Қ.Сахов, өңірлік ведомствоаралық штаб отырысының мүшелері, тиісті сала басшылары мен барлық аудандардың әкім орынбасарлары, жеке құрам қатысты. Күн тәртібінде  нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы және 26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аясында, облыс аумағында нашақорлыққа қарсы өткізіліп жатқан айлық профилактикалық іс-шараларды өткізу барысы  сараланып, талқыланды. 

Жиында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының міндетін артақрушы полиция полковнигі А. Бурханов 2024 жылдың 4 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баяндады. Ал нашақорлықтың алдын ала бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің медиа – жоспарының орындалуы жайлы Облыстық қоғамдық даму басқармасының  басшысы Е. Күзембаев мәлімдеді.  

Облыс әкімінің орынбасары есірткіге қарсы күрес бағытындағы алдын ала шараларын күшейтіп, жұмысты жүйелеу қажеттігін айтып, жұмысты нашар атқарған жауапты тұлғалар мен аудан әкімдерінің орынбасарларына сын-ескертпелер айтты.

ПІКІР ЖАЗУ