Түркістан облысында «Дін саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері» барысында жиын өтті

Созақ аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлері мен Түркістан облысының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері кездесті. Жиында полицейлерге «Дін саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері» тақырыбында дәріс өткізіліп, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Яғни діни әдебиетті және діни мақсаттағы басқа да заттарды тарату секілді әңгімелер сөз болды. Жиынға қатысқандар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар өзара тақырыпқа қатысты талқылау жасап, мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын айта кетті.

ТегтерДінқоғам

ПІКІР ЖАЗУ