Түркістан облысында биыл агроөнеркәсіптік кешендерді қолдауға 40 млрд теңге бөлінді

Түркістан облысында 2022 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 30,3 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы қолдау көлемі 30%-ға артып 40 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының м.у.а. Әлібек Әбдіхалықұлы мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, субсидия – тыңайтқыштарға, жылыжайды жылыту жүйесіне, дақыл өндірісіне, агроқұрылым жұмысын жандандыруға берілмек.

– Облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұмыс істейді. Жалпы нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыру, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 2021-2025 жылға дейінгі кезеңде агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 237,5 млрд. теңгені құрайтын 97 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Осы орайда 2021-2022 жылдары 48,4 млрд. теңгеге 70 жоба іске асырылды. Ал биылғы жылдың 8 айында аталған салада құны 10,6 млрд. теңгеге 26 жоба жүзеге асырылды, – деді спикер.

Бұдан өзге, облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі уақытта оның көлемі 5 мың гектарды құрайды. Ал су үнемдеу технологияларын пайдаланатын алқап 30,2 мың гектарға жетті. Технология ағын суды үнемдеумен қатар өнімділікті 2-3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПІКІР ЖАЗУ