Түркістан облысында бір тәулікте 270-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Түркістан облысында бір тәулікте 270-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Түркістан облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдер қылмысының жолын кесу мақсатында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Полиция іс-шараның алғашқы тәулігінде 276 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 235 фактісі анықталды.
Бұдан басқа, 25 ата-анаға қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі талаптарды тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ “Ұсақ бұзақылықтың” 9 фактісі жойылды. Қоғамдық орында мас күйінде болудың 5 фактісі анықталды. Құқық бұзушылық жасауға бейім 14 жасөспірім мен қолайсыз 11 отбасы профилактикалық есепке алынды.
Жалпы тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 100-ден астам кәмелетке толмағандар мен 120 қолайсыз отбасы тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі