Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында ауылдасының малын ұрлаған жас жігіт анықталды

Жетісай аудандық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысты бар деген күдікпен жас жігітті қолға түсірді.

Күдікті жігіт көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Ол түнгі уақытта бөтеннің үй жайына заңсыз кіріп, қорада байлаулы тұрған бір бас сиырды жымқырып, таңертең мал базарына 175 мың теңгеге сатып жібеген.

Жәбірленушіге 300.000 теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары қолды болған сиырды тауып, иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда күдікті жігітке сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағанды облысында сейсмикалық жаттығулар өтеді

admin

Орталық Азияның кәсіпкер әйелдері Шымкентте бас қосты

admin

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 13 жасар қызды аяққа тұрғызды

admin