Түркістан облысында әйел адам көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен
Төлеби ауданының полициясы бір үйге екі рет ұрлыққа түскен жас келіншекті анықтады. Белгілі болғандай, күдікті келіншек көршісінің үйіне күндізгі уақытта ұрлыққа түскен. Яғни үй иелері жоқ сәтті пайдаланған ол ашық қалған пластик терезесі арқылы ішке кіріп, ас бөлмеде тұрған «Redmi» ұялы телефонды жымқырып кеткен.
Полиция қызметкерлері аталған жас келіншектен 3 ай бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады. Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсаған.
Тәртіп сақшылары қолды болған айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі