Түркістан облысында 900 орындық мектептің құрылысы басталды
Созақ ауданының орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты аудан әкімдігі құрылысы жүріп жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Ұлттық жобалардың бірыңғай порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
«Жайлы мектеп» жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Сонымен қатар оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалып, оқушыларға арналған түрлі үйірмелер де ашылады.
Сондай-ақ жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға жағдай жасалады.