Түркістан облысында 300-ден астам мопед пен электроскутер жүргізушілері жауапқа тартылды

Түркістан облысында 300-ден астам мопед пен электроскутер жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осы жолы алдын алу шараларына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын, көбінесе жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемей, қайғылы жағдайға әкелетін мопед, мотороллер және электроскутер жүргізушілеріне баса назар аударылды. 

Облыста жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары аясында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған 300-ден астам мопед пен электроскутер жүргізушісін анықтады. Оның ішінде 16 жасқа толмаған адамның мопедті басқарғаны үшін 13 жасөспірімнің ата-анасы мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары 18 жастан асқан адамдарға электр мотороллермен және мопедтермен, сондай-ақ жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етілгенін еске салады, оларда арнайы бас киім киген және жүргізуші куәлігі болуы керек

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-300-den-astam-moped-pen-elektroskuter-zhurgizushileri-zhauapqa-tartyldy/

ПІКІР ЖАЗУ