Түркістан облысында 13 заңсыз ойын залының жұмысы тоқтатылды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, жыл басынан бері департамент өндірісінде барлығы 103 қылмыстық іс болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде экономикалық контрабанда фактісі бойынша 10 қылмыстық іс анықталып, барлығы сотқа жіберілген. Оның ішінде, 6 есірткі контрабандасы мен 400 мың литр көлемде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шекарадан шығару арнасының жолы кесілген.

– Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласында 14 қылмыс анықталды. Оның 11-і сотқа жолданды. Сонымен қатар «Tik Tok» әлеуметтік желісі арқылы да заңсыз ойын қызметі фактісі анықталып, 13 ойын залының жұмысы тоқтатылды. Ал агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында бюджет қаражатын жымқырудың 30 дерегі анықталды. Жер қатынастары саласында 2 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді Ерболат Темірболатұлы.

Сонымен қатар, «Chai Tai», «EOLUS» қаржылық пирамидаларын ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген. Ал қылмыс істерді алдын алу шаралары арқылы департамент тарыпанан 3 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделген.

ПІКІР ЖАЗУ