Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында 122 мың абонент газға қосылады

Биыл Түркістан облысында 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Жыл соңына дейін 122 мың абонент газ желісіне қосылады. Сөйтіп, табиғи отын тұтынушылар көрсеткіші  78 процентке жетеді. Қазіргі таңда 103 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оған республикалық бюджеттен 16,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Қалған 35 нысанның құрылысы келер жылы жалғасады. Сондай-ақ ескі газ құбырлары мен газ таратушы станцияларын қайта жөндеп, іске қосу жұмыстары қоса атқарылуда. Алдағы 3 жылда 200 елдімекенді табиғи газға қосып, қамту деңгейін 87%-ға жеткізу көзделіп отыр. Десек те, халық саны аз 22 елдімекен экономикалық тұрғынан тиімсіз деп танылған. Руслан Мұздыбеков, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: — Шарада қаласында 10 шағын ауданға газ жеткізіледі. Одан бөлек 3 газ тарату станциясы, 3 газ жеткізу құбыры. Тиісінше жыл қорытындысымен біздің газбен қамтылатын елді мекендер 465 елді мекеннен 522 елді мекенге дейін жеткізілетін болады.

Ақпарат: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/620457-t-rkistan-oblysynda-122-my-abonent-gaz-a-osylady

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысында тағы екі тірек мектеп өз жұмысын бастады

admin

Мақтаарал ауданында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде арнайы жиын өтті

admin

ONLINE форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

admin