Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында 12 өнер ұжымына «Халықтық» атағы берілді

Түркістанда облыстық Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитетінің Репетуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы Рига Онаева қатысты.

Комиссия отырысында оңтүстік өңірінен өтінім берген 12 ұжымның барлығы «Халықтық» атағын алды. Олар: мақтааралдық «Ақ алтын» ұлт-аспаптар ансамблі, жетісайлық «Хор» ұжымы мен «Аяна» би тобы, келестік «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры. Сонымен қатар, сайрамдық “Ибрагимовтер” жанұялық ансамблі және «Самұрық» би ұжымы, ордабасылық «Асыл әжелер» ансамблі, отырарлық «Шәміл-Дүр» би ұжымы, шардаралық «Ақмаржан» және сарыағаштық «Еркетай» би тобы, түлкібастық «Арша» квартеті және Түркістан қаласынан «Бисұлтан» би ұжымы арнайы атақты алды.

Бүгінде облыста жалпы 60 халықтық өнер ұжымы бар. Сондай-ақ, мұндай атақ —ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру және шығармашылық қызметті жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету мақсатында беріледі.

Сәйкес жаңалықтар

САСТӨБЕ КЕНТІ МЕН ТАСТҰМСЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin

Ақтөбе облысында су тасқынынан 3232 бас мал қырылған

admin

Облыста ақ алтынның бағасы артып отыр

admin