Түркістан облысы Түлкібас ауданы адами əлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері семинар өткізді

Түркістан облысы Түлкібас ауданы адами əлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері С.Абуова   және Р.Жакипбекованың  ұйымдастыруымен   «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында  16.11.2022  күні жоспарға сәйкес, И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінде «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу эмоциялары арқылы оқырман болу дағдыларын қалыптастыру жолдары»  тақырыбында аудандық семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының  көркем әдебиетке деген  қызығушылығын ояту. Оқушыларды  әдеби кітап оқуға құштарлығын арттыру және кітап оқуға тарту.

Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері У.Омирбекова  «Мәтін және оның түрлері»,  ЖАйтубаева  «Халқымыздың салт-дәстүрі»,  Г.Мұса «Қысқы кеш», Д.Асубаева «Кітапты күтіп ұста», С.Султанбаеваның «1001 мақал, 101 жұмбақ» тақырыбында өткізілгенсабақтары өте тартымды өтті.

3-сынып жетекшісі З.Долходжаева ауданымызды ардақты қариясы, ақын Ә.Аралбайұлымен  «Кітап-өмір ұстазы» тақырыбында өткізген кездесуінде оқушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, ақынға деген сұрақтарын қойды. Жас маман Тұрғынбай Перизаттың  «Кітап- асыл қазына» атты тәрбие сағатында 2-сынып оқушыларымен  «Жыртық кітап» тақырыбында театрландырылған қойылымы  және мың бұралған бишілер мен тамсандырған әншілері келген қонақтарды тәнті етті. Кітапхана меңгерушісі  С.Есіркепова  «Кітап -сарқылмас рухани қазына» тақырыбында 4- сынып оқушылармен әдеби танымдық  кеш өткізді. Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы мол  мағұлматтар ала білді.  Келген мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға  деген ынтасын арттыруға  ықпалдастырылған семинардың жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, алған әсерлерімен бөлісті.

ПІКІР ЖАЗУ