Түркістан облысы аумағында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі

2024 жылдың қараша айының 19-21 күндері аралығында Түркістан облысы аумағында спирт алкоголь, құрамында спирт бар және темекі (никотин) бар өнімдерінің заңсыз айналымымен, сондай-ақ олардың контрабандасымен байланысты қылмыстарды ашуға арналған кешенді келісілген жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі.

Осыған орай тұрғындардан іс-шараны жүргізу барысында түсіністік танытып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсетпей, әр ісіне жауапкершілікпен қарауды сұранамыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі