Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы жеке қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысының негізінде облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаевтың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда аудан, қалалардан келген тұрғындар тұрғын үй, мемлекеттік тапсырыс, марапаттау мәселелері және заңсыз құрылысқа қатысты сұрақтарымен жүгінді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тыңдап, тиісті мекемелер (бақылау, білім, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, мәдениет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары) мен жергілікті әкімшілікке (Түркістан қаласы мен Төлеби ауданы әкімінің аппараты) мәселелерді шешу бойынша тиімді шаралар қабылдау қажет екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жағдайында жедел ден қоюдың және проблемалық мәселелерді сапалы шешудің маңыздылығына қатысты аппарат қызметкерлеріне талдау жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

Сәйкес жаңалықтар

«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық шарасында полицейлер 140-тан астам құқық бұзушылықты анықтады

admin

Елді мекендердің тазалығы басты назарда

admin

Мыңнан астам абонент көгілдір газбен қамтылады

admin