Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен интеллектуалды сайыс өткізілді

Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен үлкен акт залында мемлекеттік тілдің қолдану және татуластыру рәсімдерінің аясын кеңейту мақсатында арнайы «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында топтық интеллектуалды сайыс өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстық және аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Түркістан облыстық сот төрағасы А.Сұлтанов іс-шараны ашық деп жариялап, оның маңыздылығына тоқталып, дана Абай ардақтаған, жыр алыбы Жамбыл жырлаған шешен тілді қорғау – Отанды қорғаудан бірде-бір кем емес. Бабадан – балаға, ғасырдан – ғасырға жеткен баға жетпес құндылықты көздің қарашығындай сақтау – біздің перзенттік парызымыз екенін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бәсекеге түсіп, бағын сынамақ болған үміткерлер «Сәлем – сөздің анасы»(сәлемдесу, топты таныстыру), «Білімді мыңды жығар»(мемлекеттік тіл мен медиацияға қатысты сұрақтарға жауап беру), «Сөздің көркі – мақал»(мақалдың жалғасын табу), «Өнерлінің өрісі –кең»(өнер сайысы) шарттары бойынша сынға түсті.

Созақ аудандық сотынан – «Теріскей» атты тобы, Төлеби аудандық сотынан – «Ой-зерек» атты тобы, Кентау қалалық сотынан – «Үш би» атты тобы, Сарыағаш аудандық сотынан – «Сая» атты тобы, Келес аудандық сотынан – «Болашақ» атты тобы, Арыс аудандық сотынан – «Арыс жұлдыздары», Отырар аудандық сотынан – «Жалын» атты тобы, Қазығұрт аудандық сотынан – «Қазығұрт», Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан – «Алаш қырандары» атты топ атауларымен қатысқан топтар арасында өткен сайыс аса тартысты өтті.

Сайыс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен 1 – орынға «Ой-зерек» тобы лайық деп танылса, 2 – орынға «Теріскей» тобы ие болды , ал жүлделі 3 – орын «Арыс жұлдыздары» тобына бұйырды. Үлгі боларлық рухани азық берген шара көрермендердің есінде көпке дейін қаларлықтай сәтті аяқталды.

https://t.me/trk_sud

 

ПІКІР ЖАЗУ