Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының қыс мезгіліне дайындығы пысықталды

Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарын «Оңтүстік жолдары» МКК жүзеге асырады. Мекеме тарапынан қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жауған қарды уақытылы тазалау, тайғақ жолдарға құм, тұз шашу және тағы басқа жұмыстар жүргізіледі.

2023-2024 жылғы қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына кәсіпорын тарапынан жалпы 118 бірлік арнайы техника мен 259 жұмысшы жұмылдырылған. Бүгінгі таңда техникалар толығымен жұмыс істеуге дайын.

Сондай-ақ, автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көк тайғаққа қарсы инертті материалдарды себу үшін жалпы 5 590 текше метр құм және 417 тонна тұз әзірленіп, аудан-қалалардағы қоймаларға жинақталған. Одан бөлек, облыстық маңызы бар жолдардың бойына 705 дана ескертпе жол белгілері орнатылды.

Сәйкес жаңалықтар

«Салонда жаңа көлік қалмаған»: Қазақстанда көлік бағасы қымбаттайды

admin

Жаңбыр, найзағай және күшті жел: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

admin

Түркістан өңірінде жаңа археологиялық әдіспен зерттеу жүргізіліп, 2000 жыл бұрынғы тарихи ескерткіштер анықталды

admin