Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Нұрлан Әбдіров Созақ ауданының сайлауға дайындығын бақылады

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапармен Созақ ауданына барды. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін сайлауға байланысты кездесулер өтті. Нұрлан Мәжитұлы алдымен сайлауды өткізу бойынша АСК мүшелері, құқық қорғау органдары өкілдерімен кеңес өткізді.

— Бүгінгі таңда барлық кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды. Біздің келгендегі мақсатымыз — аудандардың алдағы сайлауға дайындығын бақылау, учаскелердің жарақтандырылуын, сайлау өткенде заңдылықтардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету,- деді Нұрлан Мәжитұлы.

Төрағаның келесі кездесуі Созақ ауданының жастарымен болды. Онда соңғы жылдары елімізде жүргізілген саяси реформалар туралы кеңінен баяндады. Жастармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Жартытөбе ауылына ат басын бұрып, тұрғындармен кездесті. Елді мекендегі сайлау учаскесінің дайындығымен танысты.

Айта кетейік, биыл 5-қарашада тұңғыш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарының тұрғындары өз таңдауын жасайды.

Сәйкес жаңалықтар

Қоймадағы оқ-дәрілерді ұрлағаны үшін қанша әскери сотталды?

admin

Түркістанда 200-ден астам жасыл желек аймағы бар

admin

Казахстанского боксера облили кислотой на сборах в Англии

admin