Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Нұрлан Әбдіров Бәйдібек ауданына барды

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапары Бәйдібек ауданында жалғасты. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін сайлауға байланысты кездесулер өтті. Нұрлан Мәжитұлы әуелі сайлауды өткізу бойынша АСК мүшелері, құқық қорғау органдары өкілдерімен кеңес өткізді.

— Бүгінгі таңда барлық кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды. Біздің келгендегі мақсатымыз — аудандардың алдағы сайлауға дайындығын бақылау, учаскелердің жарақтандырылуын, сайлау өткенде заңдылықтардың қатаң сақталуын мүдтіксіз қамтамасыз ету,- деді Нұрлан Мәжитұлы.

Төраға одан соң Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылының жұртшылығымен жүздесті. Онда соңғы жылдары елімізде жүргізілген саяси реформалар туралы кеңінен баяндады. Көпшілікпен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Таяуда ғана өткен ауыл әкімінің сайлауына қатысты тұрғындармен әңгімелесті.

Айта кетейік, биыл 5-қарашада тұңғыш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарының тұрғындары өз таңдауын жасайды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

admin

Төлеби: жылу беру маусымына дайындық пысықталды

admin

Таразда шахматтан ҚР балалар кубогының бірінші кезеңі аяқталды

admin