Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: мереке қарсаңында Бәйдібекте екі ауыл сапалы ауыз сумен қамтылды

Түркістан облысының 5 жылдығы мен Астана күніне орай бүгін Бәйдібек ауданында жаңадан ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған Ақжар елді мекеніне және қайта құрылымдаудан өткен Сарқырама елді мекеніне ауыз су берілді.

Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Астана күнімен құттықтап, қос ауыл тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Ауыл қарияларымен бірге салтанатты түрде лентасын қиып, ауыз су жүйесінің қондырғысын іске қосты. Мереке қарсаңында ауыз судың берілгеніне қуаныштарын білдірген екі ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагерлері алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.

Айта кетейік, аудандағы 50 елді мекеннің 44-де орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген болса, 1 елді мекен модулді су қондырғымен қамтамасыз етілген. Бұл аудандағы елді мекендердің 90 пайызын құрап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Астанада дәстүрлі қысқы триатлоннан жарыс өтті

admin

Астанада мәслихат депутаттары мен «Жасыл ел» жастары тазалық акциясын өткізді

admin

ШЫМКЕНТ: Жұмыспен қамту жол картасы жобасы арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды

admin